Жастарға ғибрат

22.09.2023

«Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды. Павлодарда жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

«Жұмыс жасайтын жастардың үздік тәлімгері» болып БЖКБ, «Эксплуатация» ЖҚД учаскесінің тартқыш агрегат машинисті Игорь Сушков атанды. Игорь Николаевич компаниядағы еңбек жолын 1989 жылы жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып бастады. Жұмыс істеген жылдары оқу оқып, біліктілігін арттырды, соның арқасында алдымен тартқыш агрегат машинистінің көмекшісі, кейінірек машинист болды. 28 жыл бойы ол тәжірибесімен, білімімен бөлісті, жұмыс орындарында тренингтер өткізді және теміржол көлігінің слесарлық және пайдалану құрамы үшін оқытудың барлық түрлері бойынша дәріс сабақтарын өткізуге қатысты.

ТКЖЖ зауытының металл құрастырылымдары учаскесінің механикалық құрастыру жұмыстарының слесары Жанат Жұмабеков, сондай-ақ Оқу-курстық комбинатының оқытушысы Жарас Төлеуов, конкурсқа қатысқандары үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова залдағы қатысушыларды жеңістерімен және де Еңбек күнімен құттықтады.

Осындай ауқымды іс-шараны өткізу түрлі салалардың жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған.


Жаңалықтар тізіміне оралу