Біздің айтыскер финалда

15.09.2023

«Самұрық -Энерго» компаниялар тобы арасында шығармашылық байқаудың екінші іріктеу туры өтті. Осы кезеңде «Богатырь Көмір» қызметкерлері кәсіпорынды абыроймен таныстырды. ТЖЖЖД жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі  Бағдат Әлекбаев  «Айтыс»  аталымы бойынша байқаудың финалына шықты.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шаралар Астанада өтті. Байқауға қатысушыларды бағалау үшін ұйымдастырушылар құзыретті қазылар алқасын шақырды, олардың ішінде:

Балғынбек Имаш, белгілі ақын, айтыскер. Көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

Ерлан Малаев, танымал қазақстандық театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының актері.

Бақытбек Зерде, қазақстандық суретші, Барселонадағы халықаралық суретшілер фестивалінің Бас жүлде иегері. «Астана Балет»  театрының суретші-сәндеушісі.

Келесі кездесу  «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының қызметкерлері арасында көркемдік және креативті шығармашылықтың кешенді жарысында өтеді. Қордың 15 жылдығына орайластырылған іс-шара корпоративтік рухты қолдау және нығайту, қызметкерлерді шығармашылық және көркемдік әлеуетті дамытуға тарту және ынталандыру мақсатында өткізіледі. Оған үш аталымның әрқайсысында 19 адамнан тұратын  «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының  57 қызметкері қатысады.


Жаңалықтар тізіміне оралу