«Самұрық-Энергода» жеңіске жету үшін

14.09.2023

«Самұрық-Энерго» компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы байқаудың бірінші іріктеу кезеңіндегі шығармашылық жеңісті богатырлықтар жеңіп алды. Байқау «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» акт залында өтті.

Біздің қызметкерлер үш аталым бойынша қатысты: вокал, айтыс, бейнелеу өнері. Келесі кезеңге өткендер:

Азамат Оздоев, байланыс желісінің электрмонтері, БЖКБ (вокал);

Бағдат Алекбаев, жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь, ТЖЖЖД (айтыс).

Екінші кезең 15 қыркүйекте Астанада өтеді, жеңімпаздар «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының қызметкерлері арасындағы көркем және креативті шығармашылықтың кешенді жарысының финалында «Самұрық-Энерго» атынан қатысады. Іс-шара Қордың 15 жылдығына орай корпоративтік рухты қолдау және нығайту, қызметкерлерді шығармашылық және көркемдік әлеуетін дамыту және ынталандыру мақсатында өткізіледі. Оған үш аталымның әрқайсысында 19 адамнан тұратын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 57 қызметкері қатысады.


Жаңалықтар тізіміне оралу