Автопаркті жаңарту

13.09.2023

Кәсіпорынның автопаркі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын 17 жаңа автокөлікпен толықтырылды.

Олар өте кең және функционалды. Біз «ГАЗель Соболь» машинасының 27527 және 231073 модельдері турасында айтып отырмыз. Олардың он машинасы жүк көтергіштігі 350 кг болатын жеті орындықты фургон. Кузовтың ықшамдылығына және жолаушылар салонының көлемінің ұлғаюына қарамастан, автомобильде жүк салатындай жеткілікті орын бар. Қалған жетеуі – кузовы қорғаныс шатырымен жабылған борттық машиналар. Олар жүк машинасы саналғанымен бұл көлікке жолаушылар саны 5 адамға дейін жетеді.

Автопарктің мұндай әсерлі толықтырылуы өндірістік мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.