Нысанаға дәл тигізу

10.09.2023

«Богатырлық» спортшылары биыл «Самұрық-Энерго» және «Самұрық-Қазына» Спартакиадаларында асық атудан тамаша нәтиже көрсетті.

Бұл нәтижеге «Богатырь Көмір»-дің спорттық-сауықтыру кешенінде тұрақты түрде өткізіліп тұратын ұлттық спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар ықпал етті.  Бүгін компания қызметкерлері арасында кезекті рет асық атудан турнир өтті.  Күреске жаңадан бастағандар да, тәжірибелі ойыншылар да қатысты. Жеңіске қажетті дәлдік пен ептілікті барлық қатысушылар  көрсете алды. Жеңіл көрінетініне қарамастан, ойын дене төзімділігін де қажет етеді.  Барлық аталған қасиеттерді қолдана отырып,  көшбасшылар алға шыға алды:

 Әйелдер арасында:

 1 орын – Әбдіхалықова Күлшім, БЖКБ;

 2 орын – Дарья Куценко, атқарушы аппарат;

 3 орын – Манар Ерботина, атқарушы аппарат.

 Ерлер арасында:

 1 орын – Саят Шалабаев, ТКЖЖ зауыты;

 2 орын – Уатбек Сіләмхан, «Богатырь» кеніші;

 3 орын – Рамазан Абылаев, БЖКБ.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және басқа да жарыстарда сәттілік тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу