Туған елдің тілін үйрену

01.09.2023

Барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылумен қатар «Богатырь Көмір» компаниясында кәсіпорын қызметкерлері арасынан қазақ тілін үйрену курсының жаңа тыңдаушыларын қабылдау басталды.

Олар тілдік курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алған өткен оқу жылының түлектерін алмастырады. Өткен жиырма жыл ішінде осы курстың арқасында жүздеген кенші қазақ тілін меңгере алды. Бөлімше қызметкерлеріне арналған оқу сабақтары аптасына екі рет: Бауыржан Момышұлы көшесі, 25 мекенжайындағы әкімшілік корпус кабинетінде және құрылымдық бөлімшелерге барып өткізіледі. Қол жетімді, оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларға грамматика ережелері, сондай-ақ қазақ тіліндегі сөздердің айтылу ерекшеліктері түсіндіріледі. Алынған білімді бекіту үшін үй тапсырмасы беріледі. Бұл ретте оқу үдерісінде қашықтықтан оқыту жүйесі белсенді қолданылады. Қазақ тілінен алған білімдерін қызметкерлер күнделікті өмірде кеңінен қолданады. «Богатырь Көмір» әр қызметкері Бауыржан Момышұлы көшесі, 25, № 212-каб мекенжайына хабарласып немесе 8 (7187) 22 - 35 - 19 телефоны арқылы: +7 778 130 42 79 WhatsApp нөмірі бойынша курстарға жазыла алады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу