Жақсы демалыс болды

29.08.2023

Баянауыл қорығына бірлескен сапар кәсіпорын ардагерлері үшін Шахтер күніне нағыз сыйлық болды. Жыл сайын «Богатырь Көмір» олар үшін «Березка» ДҮ демалыс ұйымдастырады.

Бұл жолы да үш күндік турға зейнеткерлік демалыста жүрген 29 қызметкер аттанды. Жайлы және достық қарым-қатынас құру үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Демалушыларға Әулие тас үңгіріне және басқа да киелі орындарға экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар, кеншілер арасындағы қарым-қатынас нығайтылып, бірлескен бос уақытта йога, таңертеңгі гимнастика, ойындар және міндетті би кеші өткізілді. Ардагерлер жағымды энергия алып қана қоймай, түрлі байқауларға қатысқаны үшін символдық сыйлықтарға ие болды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу