Дос тықты нығайтады

28.08.2023

«Богатырь Көмір»-де бір ай ішінде өтіп жатқан ұжымда корпоративтік мәдениетті арттыруға және салауатты жағдайды қалыптастыруға жәрдемдесуге арналған тренингтер циклі аяқталды.

Оларға компанияның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Тренинг барысында қатысушыларға қатысымдық қасиеттерді қалыптастыратын, басқалармен өзара қарым-қатынас жасай алатын түрлі тапсырмаларды орындау ұсынылды. Бұл өз кезегінде ұжымның әр мүшесінің алға қойған мақсаттарына жетудегі рөлін түсінуге ықпал етті. Сондай-ақ, өткізілетін тренингтер шеңберінде кәсіпорын қызметкерлеріне компанияда жұмыс істеп тұрған әлеуметтік бағдарламалар мен берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, қызметкерлердің жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын алу мүмкіндігі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайызсыз несиелер беру, сондай-ақ компанияның бастамашыл жастарын қолдауға бағытталған «100 жаңа тұлға» бағдарламасы туралы айтылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу