Шахтер күні - 2023: жарқын және ұмытылмас
26.08.2023
Екібастұзда Шахтер күнін мерекелеу «Өнер» ҚМО алаңындағы қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен үлкен концертпен аяқталды.
Бағдарламаның музыкалық бөлігін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының солистері мен джаз оркестрі ашты. Қала тұрғындары «Богатырь Көмір» жас таланттары Азамат Оздоевты, Елубай Жансаиновты, Николай Кисилевті, сондай-ақ басқа да әртістердің өнерлерін жылы қарсы алды.
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Екібастұз үшін басты мерекелердің бірімен тұрғындарды құттықтады:
– Кеншілер Екібастұзды құрды, еліміздің басқа да көптеген қалаларын жылумен қамтамасыз етуде. Мен сіздерге отансүйгіштік сезімдеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын, отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, жұмыста табыс тілеймін.
Өңір басшысы осы кеште «Богатырь Көмір» кеншілер тобына көп жылдық және адал еңбегі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.
Екібастұздықтар үшін «Богатырь Көмір» ЖШС демеушілігімен шақырылған танымал қазақстандық орындаушылар: Қайрат Нұртас, RAiM, Ғаділбек Жанай және шетелдік эстраданың аңызына айналған «Fly Project» жағымды сыйлық болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.