Ұлы еңбегі үшін тағзым
26.08.2023
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, қалалық мәслихат төрағасы Нияз Макраев, көмір өндіруші ардагерлер мен тау-кен кәсіпорындарының өкілдері кеншілер еңбегіне құрмет көрсетіп, бүгін Екібастұз кен орнын ашушы Қосым Пішенбаев ескерткіші мен Шахтер ескерткішінің түбіне гүл шоқтарын қойды.
Еске алу митингісі мен гүл қою рәсіміне «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары –өндіріс жөніндегі директоры Серік Макаров және бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап қатысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.