Мектепке жиналуға көмектесті

24.08.2023

«Богатырь Көмір» компаниясы «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған және қордың құрылғанына 15 жыл толуына орайластырылған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасына қатысты.

Жобаның мақсаты – «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік компаниялары бар он аймақтағы отбасыларға балаларды жаңа оқу жылында бірінші сыныптарға баруға дайындауға көмектесу. Қайырымдылық акциясы аясында Қазақстанның 15 мың бірінші сынып оқушысы «Самұрық-Қазына» АҚ-нан мектеп керек-жарақтарын алды. Бірінші кезекте, қайырымдылық көмекпен ауылдарда тұратын балалар қамтылды. Оларға мектеп керек-жарақтарын беру үшін Қордың еріктілікпен айналысатын еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері тартылды.

Рюкзактар, аяқ киімге арналған сөмкелер, альбомдар, дәптерлер және басқа да кеңсе керек-жарақтары бар 30-ға жуық мектеп жинағын (барлығы 18 атау) «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділері аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан Екібастұз өңірінің бірінші сынып оқушыларына, сондай-ақ мүгедек балаларға берді. Сонымен қатар, жыл сайынғы дәстүрге сүйене отырып, «Богатырь Көмір» компаниясы қайырымдылық көмек ретінде өз қаражаты есебінен кәсіпорын қызметкерлерінің көп балалы отбасыларынан шыққан бірінші сынып оқушыларына, сондай-ақ корпоративтік қорда есепте тұрған мүгедек балаларға 100 мектеп жиынтығын сатып алып берді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу