Богатырь мерекесі
23.08.2023
Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясында өндірісті дамытуға елеулі үлес қосқан, сондай-ақ жоғары кәсіби шеберлік танытқан кеншілерді құрметтеу жалғасуда.
Бүгін «Богатырь» кенішінің ұжымы әкімшілік-тұрмыстық корпустың акт залында өткен салтанатты жиналыста озаттарын марапаттады. Әріптестерін ортақ мерекемен «Богатырь» кенішінің директоры Серік Саттаров құттықтады:
– Көмір өнеркәсібі қала өмірінде де, еліміздің экономикасында да ерекше орын алады. Біздің жетістіктеріміз - әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз. Сіздерге еңбектеріңіз үшін рахмет айтқым келеді. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық пен амандық тілеймін!
Құттықтауларға кәсіпорынның кәсіподақ ұйымдарының басшылары да қосылды.
Бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Шахтер даңқы» және «Еңбек даңқы» белгілеріне, «Богатырь Көмір» ЖШС Құрмет грамоталарына «Богатырь» кенішінің ондаған қызметкері ие болды.
«Мамандық бойынша үздік» байқауында көрсеткен жоғары шеберлігі үшін дипломдар мен сыйлықақыларды роторлы, шөмішті және адымдағыш экскаваторлар машинистері арасындағы өндірістік жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері алды.
Салтанатты күнге барлық қатысушыларына музыкалық сыйлық ретінде әріптестері: Қобылан Мажкенов, Александр Терещенко және Владимир Прохиннің орындауындағы әндер болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.