Сый-құрметпен

22.08.2023

Жыл сайын, Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясында өндірісті дамытуға және алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге елеулі үлес қосқан кәсіпорын қызметкерлерін, еңбек озаттарын құрметтейді.

Биылғы жылы «Өнер» қалалық мәдениет орталығының үлкен залында, бас кеншілер мерекесіне орайластырылған салтанатты жиында үздіктердің үздіктері марапатталды. Туыстары мен әріптестерінің қатысуымен серіктестіктің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері еңбек даңқының белгілерін алды. Іс-шараға қатысушыларды келе жатқан Шахтер күнімен «Богатырь Көмір» басшылығының атынан бас директордың бірінші орынбасары – қаржы директоры Асылхан Қадырбаев құттықтады:

– Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан кәсіби мереке – Шахтер күнімен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін, жұмыс жылдарында жинақтаған бай тәжірибелеріңіз кеншілердің жаңа буынына берілсін, ал көмір Екібастұзының даңқы тек нығая түссін. Сіздерді әрқашан туған үйлеріңіздің жарығы мен жылуы қарсы алсын!

Жиналған кеншілерге Бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров, техникалық директор – компанияның бас инженері Сергей Усик шын жүректен жылы лебіздерін білдірді. Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының атынан кәсіпорын ұжымын мәслихат төрағасы Нияз Макраев құттықтады.

«Компанияның үздік қызметкерлері» атағымен, бірінші және екінші дәрежелі «Шахтер даңқы» және «Еңбек даңқы» құрмет белгілерімен, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Kazenergy» АҚ құрмет грамоталарымен, қалалық мәслихаттың құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен осы салтанатты күні жүзге жуық «Богатырь Көмір» кеншісі марапатталды.

Салтанатты жиналыста «Богатырь Көмірдің» жас таланттары және «Самұрық» хореографиялық ансамблі өнер көрсетті.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.