Ардагерлерге арналған мерекелік ас
21.08.2023
Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясы кәсіпорын ардагерлерін мерекелік түскі асқа шақырды.
Молынан жайылған дастархан басына жиналған ардагерлер бірлескен жұмыс жылдарын жылулықпен еске алып, бір-біріне өздерінің еңбек өмірбаянының қызықты кездері туралы айтып, сыр шертті.
Алда келе жатқан Шахтер күнімен ардагер – кеншілерді серіктестік басшылығының атынан бас директордың бірінші орынбасары Асылхан Қадырбаев құттықтады:
– Бүгін осы залда кеше ғана әріптес болып, өндірістік мәселелерді бірге шешкен ардагер-кеншілерді көріп толқып тұрмын. Сіздер бар уақыттарыңызды сүйікті жұмыстарыңызға аянбай арнадыңыздар. Бүгінде біздің ортақ мереке қарсаңында Сіздерге шын жүректен денсаулық, бақыт, қуаныш тілеймін!
Аға буынға өзінің жүрекжарды тілегін компанияның техникалық директоры Сергей Усик білдірді:
– Мен бүгін осы залда жақын адамдарымды көргеніме қуаныштымын. Әрқайсыңызға ең бастысы – денсаулық тілегім келеді. Мен сіздерді компания өткізетін әрбір мерекеде көргеніме әрқашан қуаныштымын. Сіздерге амандық пен саулық тілеймін!
Өз кезегінде, көмір саласының еңбек сіңірген ардагерлері Владимир Кочерга, Анатолий Дворак, Василий Шейко аға буын атынан серіктестік басшылығы мен ұжымына көрсеткен ылтипаттары мен құрметтері үшін алғыс білдірді.
Айтулы күні ардагерлерге «Богатырь Көмірдің» шығармашыл жастары мен «Джуманджи» хореографиялық ұжымы мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.