Кеншілер достығын нығайту үшін
19.08.2023
Мереке алдындағы көңіл-күймен «Богатырь Көмір» ұжымы Шахтер күнін қарсы алуда. Алдағы мереке кәсіпорын қызметкерлері үшін ұйымдастырылатын көптеген іс-шаралардан тұрады.
Осы демалыс күні компанияның спорттық-сауықтыру кешенінің алаңында тимбилдинг өтті, оған әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. «Dream Team» (Армандар командасы) және «Радуга» атаулары бар екі командаға бөлініп, қатысушылар ептілік пен икемділік сайысына қызығушылық танытты.
Қатысушылар үшін алғашқы сайыстық тапсырма – кезек-кезек қатарға тұрып, бір пластикалық шыныаяқтан екіншісіне ас қасықпен суды тасу болды. Бұл тапсырмада ең аз шығынға ұшыраған «Dream Team» командасы жеңіске жетті. «Радуга» командасы екінші турда қарсыласының алдын орады. Сайыс барысында қатысушылардан хоккей таяқшасын алып, доппен қашықтықтағы фишкаларды айналып өту қажет болды. Соңғы конкурстық тапсырма бала кезінен бәріне таныс «Вышибалы» ойыны болды. Онда қатысушылардың әрқайсысы допты лақтыру кезінде реакция жылдамдығы мен мергендік дәлдігін көрсетуге тырысты, қарсыласынан жалтару оңай болмады. Қарсы шабуылда әрқайсысы ұстап, дәл тигізуге тырысты. Бұл күні сәттілік «Радуга» командасы жағында болды. Іс-шараның ұйымдастырушылардың дайындаған тәтті шай кешімен аяқталды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.