Миллиметрге дейінгі дәлдікпен
18.08.2023
«Богатырь Көмір» компаниясындағы «Мамандығы бойынша үздік» конкурстар топтамасы ТКЖЖ зауытында өткен өндірістік жарыспен аяқталды.
Үш күн ішінде 9 токарлық маман білім мен дағдылар бойынша өзара жарысты. Бірінші теориялық кезеңде қатысушылар жұмыстарды орындау технологиясы бойынша 12 сұраққа жауап беруі керек: сызбаны оқу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып беру, СРс(К)-2000 роторлы экскаватор тісті доңғалақ білігінің сызбасында тапсырмада сипатталған бөлшектердің элементтерін нақты көрсету, минутына 190 айналымға тең айналдырықтың есептелген айналу жиілігі кезінде минутына 160, 180, 200 айналым – үш тәртібі бар білдекте қандай айналым санын орнату керек екеніне жауап беру.
Практикалық кезең барысында конкурсқа қатысушыларға токарлық- бұрандалы кескіш білдекте серпімді төлке-саусақ жалғастырғышының металл саусағын (СТСЖ) жасау қажет болды.
Білдек операцияларын орындауға оларға 21,6 минут уақыт берілді. Нормативтік уақыттан асып кеткен жағдайда әр минут үшін бір балл алынып тасталды. Қатысушы ең көп дегенде 10 ұпай жинай алады. Орындалған жұмысты бағалау кезінде комиссия дайындалған бөліктің параметрлері сызбада көрсетілген өлшемдерге қаншалықты сәйкес келетінін ескерді. Әр ақау үшін ұпай алынып тасталды.
Екі турдың қорытындысы бойынша ТКЖЖ зауытының токарлары арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Әділбек Асылбеков, екінші жүлдегер Сұлтан Қайыркенов танылса, үшінші орынды Павел Власов иеленді.
Конкурс жүлдегерлерін салтанатты марапаттау 25 тамызда өтеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.