Ардагерлерге арналған экскурсия
14.08.2023
Көп жылдық игі дәстүр бойынша Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры кәсіпорын ардагерлері үшін Астанаға экскурсиялық сапар ұйымдастырды.
Жолда ыңғайлы болу үшін зейнеткер кеншілерге заманауи және ыңғайлы «Вольво» автобусы бөлінді. Елордаға барған кезде құрамында 36 еңбек сіңірген ардагері бар делегация Астананың басты көрікті жерлеріне: «Астана Опера» опера және балет театрына, Бәйтерек монументіне, «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды. Олар еліміздің бас қаласының барлық сұлулығы мен ұлылығын елорданың көшелері мен даңғылдарына экскурсия барысында көре алды. Арнайы ардагерлер үшін қаланың ең жақсы мейрамханаларының бірінде мерекелік түскі ас дайындалды. Туған кәсіпорнына шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, позитивті эмоциялармен және әсерлермен олар сол күні сапардан үйге қайтып оралды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.