Жолда ең жақсылары
04.08.2023
Бүгін шиеленіскен бәсекелестік күресте «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Автобазасының жеңіл, жолаушылар және жүк көлігі жүргізушілері арасында «Мамандығы бойынша үздік» конкурсы өтті.
Автомобиль көлігі учаскесі, АТЦ-1, АТЦ-2, АТЦ-3, 6-шы автоколонна атынан қатысқан 36 жүргізуші өз шеберліктерін көрсетуге шешім қабылдады. Байқауды Автобаза директоры Руслан Бақбаев құттықтау сөзімен ашты, ол барлық қатысушыларға жарыста сәттілік пен табысты өнер көрсетулерін тіледі. Ал олар үшін бірінші тапсырма жол қозғалысы және көлік құралын пайдалану ережелерін білуге арналған тестілік емтихан болды. 15 сұраққа 15 минут ішінде жауап беру қажет болды. Ең көп ұпай жинағандар келесі практикалық турға өтті. Мұнда қатысушылар көлік түріне қарай үш топқа бөлінді. Жеңіл және жолаушылар көлігінің жүргізушілеріне жол ернеуі белгілері белгіленген айналмалы жолмен өту, «сегіздік тәріздесті» жүріп орындау, сақинаны айналып өту, содан кейін артқа шегінумен автокөлікті «гаражға» қою ұсынылды, тапсырма соңында, олар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, теміржол өткелі мен көпірден өтіп, мәреге аман-есен жетулері керек болатын. Сондай-ақ, «Сегіздік тәріздесті" қоспағанда, сол бағыт жүк көлігінің жүргізушілеріне оны арнайы тапсырмамен толықтыра отырып, «гаражға» артқа шегінумен бұрылып, баскетбол сақиналарына ұқсатумен, бес допты алшақ қақпақтарға дәл түсіру ұсынылды. Комиссия әр санаттағы кәсіби шеберлік байқауының жүлдегерлерін екі турдың нәтижелері негізінде анықтады.
«Жеңіл көліктің үздік жүргізушісі» аталымында 1 орынды Максим Деймунд, 2 орынды Ерлан Әділханов, 3 орынды Мирамбек Алданғоров иеленді.
«Жолаушылар көлігінің үздік жүргізушісі» аталымында: 1 орын – Серікбай Балтабаев, 2 орын – Сергей Литвин, 3 орын – Ержан Тапалов.
«Жүк көлігінің үздік жүргізушісі» аталымында: 1 орын – Анатолий Коробкин, 2 орын – Марат Айдарханов, 3 орын – Мадьяр Шүлкебаев.
Барлық жүлдегерлер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды: 1 орын үшін – 100 мың теңге, 2 орын үшін – 70 мың теңге, 3 орын үшін – 50 мың теңге. Конкурсқа қатысқан жүргізушілердің әрқайсысы 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.