Үздік экскаваторшылар анықталды

01.08.2023

«Богатырь» кенішінің СРс(К)-2000 роторлық экскаваторлар, ЭКГ типті шөміш экскаваторлар және ЭШ машинисттері арасында «Мамандығы бойынша үздік» конкурстарының қорытындысы шығарылды.

Жинаған балдары бойынша теориялық және практикалық кезеңдер барысында конкурстық комиссия аталымдардың әрқайсысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

«Үздік ротор машинисті» аталымы бойынша жүлдегерлер үштігіне кіргендер: Нурбек Усеинов (СРс(К)-2000 №1146 экскаваторы) – 1 орын, Максим Рандей (СРс(К)-2000 №1144 экскаваторы) – 2 орын, Вадим Рустамов (СРс(К)-2000 №1145 экскаваторы) – 3 орын. «Үздік жүк тиеу машинисті» аталымы бойынша: Биржан Жумабеков (СРс(К)-2000 № 1146 экскаваторы) – 1 орын,  Кобылан Мажкенов (СРс(К)-2000 № 1144 экскаваторы) – 2 орын, Сергей Каливин (СРс(К)-2000 № 1145 экскаваторы) – 3 орын. «Үздік электрик-машинисті» аталымы бойынша: Анатолий Маевский (СРс(К)-2000 № 1145 экскаваторы) – 1 орын, Павел Лось (СРс(К)-2000 № 1144 экскаваторы) – 2 орын, Дмитрий Бурилов (СРс(К)-2000 № 1143 экскаваторы) – 3 орын.

«Үздік ЭКГ экскаватор машинисті» аталымы бойынша: Дмитрий Денисов (ЭКГ-15м № 1903 экскаваторы) –1 орын, Николай Круговенков (ЭКГ-6,3 ус № 1388 экскаваторы) – 2 орын, Геннадий Барышев (ЭКГ-8И  № 2438 экскаваторы) – 3 орын.

«Үздік ЭШ экскаватор машинисті» аталымы бойынша: Константин Никифоров (ЭШ-13/50 № 3715 экскаваторы) – 1 орын, Владимир Прокопенко (ЭШ-13/50 № 2745 экскаваторы) – 2 орын, Александр Кемский (ЭШ-13/50 № 3744 экскаваторы) – 3 орын.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықақылармен марапатталатын болады: бірінші орын үшін – 100 мың теңге, екінші орын үшін – 70 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге. Кәсіби шеберлік конкурсының қалған қатысушылары 10 мың теңге көлемінде сыйлықақымен ынталандырылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.