Бір тату отбасы

29.07.2023

Бүгін «Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінің алаңында компанияның құрылымдық бөлімшелері атқарушы аппаратының қызметкерлері үшін ұйымдастырылған бос уақыт іс-шарасы көңілді өтті.

Айта кетейік, әріптестермен жақынырақ танысуға және жұмыс ортасынан тыс уақытты бірге өткізуге тамаша мүмкіндік шілде айы бойы әр сенбі сайын ұсынылды. Бүгінгі қорытынды кездесуде қатысушылар көп жиналды, олардың ішінен үш команда құрылды: «Локо», «Мотив», «Блестящие». Алғашқы минуттардан бастап ұйымдастырушылар дайындаған тапсырмалар қызметкерлерді баурап алды, олардың әрқайсысы келісілген іс-әрекеттер мен жақсы өзаратүсіністікке ие болуға негізделген. Алдымен командалар қол ұстасып, шеңберді тізбек бойымен жылдам және ептілікпен өткізу қабілеттерін көрсетіп жарысты.

Содан кейін команда мүшелерінің әрқайсысына бес сақина берілді, оларды алыстан орнатылған бағанға дәл салу керек болды. Сәтті лақтырулар команданың жалпы қоржынына түсті. Бес түрлі пластикалық бөтелкелердің әрқайсысына келетін қақпақты байланған жабық көзбен табу, бір минут ішінде бүкіл команда секіргішпен ең көп секіру, ағаш кірпіштен ең биік мұнара тұрғызу, соңында лабиринтті жан-жағынан қоршап, дұрыс бір жолмен секіргіш допты тауып өткізу – осы тапсырмалардың бәрі қатысушылар отбасы ретінде бірге қуаныш пен сәтсіз әрекеттерді бастан өткеріп, бір тату команда болып орындады және де бұл осы тимбилдингтің басты мақсатына айналды.

Жақсы көңіл-күймен қатысушылар ұйымдастырушылар дайындаған дәмді тағамдармен бірге шай ішуге барды. Шай үстінде бейресми командалық жарыстың жалпы нәтижелері жарияланды: бірінші орынды «Локо» командасы жеңіп алды, екінші орынды «Мотив» командасы, үшінші орынды «Блестящие» командасы иеленді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу