Алтын бастама

28.07.2023

Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының локомотив машинистері арасында «Мамандығы бойынша үздік» атағы үшін жарыс бүгін «Ударная» ЖҚД алаңында жалғасты.

Бұл жолы ПЭ2М (У) машинистері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ұйымшыл және тату ұжымда болатындай, байқау басталар алдында БЖКБ директоры Ағыбай Покатаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Осыдан кейін білім мен дағдыға сайыс сағаты басталды. Теориялық бөлім барысында, бөлінген 15 минут ішінде байқауға қатысушылар тест тапсырмасының 50 сұрағына жауап берді. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушы бір ұпай алды. Тапсырманы бірінші болып орындаған адам бонус ретінде екі ұпай алды, екінші және үшінші болып орындағандарға да ұпай берілді. Дұрыс жауаптармен қатар, жұмсалған уақыт та есепке алынды. Практикалық турда көш бастаған үштіктер: Анатолий Храбрецов, Евгений Щербаков, Дәурен Уныбаев. Алдыңғы конкурстағыдай, машинистер үшін практикалық тапсырма - локомотивпен тіректерге орнатылған металл жолаққа мүмкіндігінше жақын келу, сонымен бірге оны құлатпау болды. Бұл маневрді конкурсқа алғашқы қатысып отырған, алдында машинистің көмекшісі болған Евгений Щербаков жақсы орындады, ол машинаны 4,5 см қашықтыққа жақындатты, солай ол екі кезеңде жинаған ұпай саны бойынша жеңімпаз атағын жеңіп алды. Олжа ретінде чемпион Кубок, Құрмет грамотасын және 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықақы алды, сондай-ақ БЖКБ басшылығынан қосымша марапат ретінде оған кәсіби шеберлігі үшін жыл бойы төленетін ай сайынғы үстемеақы алатын болады. Байқау қорытындысы бойынша 70 мың теңгенің екінші жүлдегері және иегері Дәурен Уныбаев атанса, үшінші орын және 50 мың теңгенің жүлдесін Евгений Ефимов жеңіп алды. Барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен марапатталды. Қалған үш қатысушы да көтермелеу сыйақысыз қалған жоқ, олардың әрқайсысына 10 мың теңгеден карточкалық шотқа аударылатын болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу