Жалған діндерге қарсы тұру

27.07.2023

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі барысында деструктивті жалған діни ағымдардың қауіптілігі мен шынайы мәні туралы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы Нұрлан Түребаев хабарлады.

Онымен бірге іс-шараға қатысқан Екібастұз қалалық мешітінің наиб-имамы жалған діни ағымдар қызметінің әртүрлі нысандары туралы жан-жақты айтып берді. Имамның айтуынша, дәстүрлі емес және қоғамға жат идеяларды насихаттау, жаңа адептерді тарту үшін рухани тәлімгерлер деп аталатындар көбінесе діннің табиғатына қайшы келетін желілік маркетингтің әдістері мен тәсілдерін қолданады. Ол атап өткендей, шынайы дін жарнаманы қажет етпейді, оны пара беру арқылы емес, жүрекпен қабылдайды. Имам деструктивті жалған діни ағымдардың жойқын күшінің айқын дәлелдерінің бірі – бүгінде діни экстремистер бастаған соғыстың салдарын бастан кешіріп жатқан Сирия екенін айтып өтті.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу