Тіректі қол және темір жол

26.07.2023

Бүгін Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасында бастау алған «Мамандығы бойынша үздік» конкурстар топтамасын қалыптасқан дәстүр бойынша ОПЭ-1 тартқыш агрегатының және ТЭМ 2у тепловоздарының машинисттері ашты.

Іс-шара басында Богатырь ЖКБ директоры Агыбай Покатаев кәсіби шеберлік байқауының барлық қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылардың әрқайсысына сәттілік пен шыдамдылық тіледі. Өндірістік жарыстың бірінші кезеңінде теміржолшылар 50 тест сұрақтарына жауап беруі керек еді. Дұрыс жауап бір ұпайға тең болды. Жауаптарға жұмсалған жалпы уақыт та есепке алынды.

Тапсырманы бірінші болып орындаған жұмыскер бонус ретінде екі ұпай, екінші және үшінші қатысушы – бір ұпайдан алды. Практикалық тапсырма барысында байқауға қатысушылардан металл тақтайшаға оны тіректерден қақпай мүмкіндігінше жақындау талап етілді. Айта кетейік, кейбір қатысушылар бұл тапсырманы шеберлікпен керемет орындап шықты.

Әр топтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқаудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша анықталды.

«ОПЭ-1 үздік машинисті» аталымында: бірінші орынды Арман Сериков, екінші орынды Роман Нефеденок, үшінші орынды Алексей Гомжа иеленді.  «Үздік тепловоз машинисті» аталымында: бірінші орын – Михаил Максимов, екінші орын – Евгений Писнов, үшінші орын – Асанали Кудабаев. Барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және оларға карточкалық шоттарға аударылатын сыйлықақылармен марапатталды. Бірінші орын алған қатысушы жеңіс үшін біржолғы сыйлықақыдан басқа, БЖКБ басшылығының шешімі бойынша ай сайын бір жыл ішінде 15 мың теңге мөлшерінде ақшалай үстемеақы алатын болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу