Еңбек және спорт - бұл оңай!
15.01.2015
«Богатырь Көмір» компаниясында бір жақсы дәстүр бар – жаңа жыл қарсаңында өткен жылы ішінде әр түрлі деңгейдегі жарыстарда өз шеберліктерін растап, сонымен бірге туған кәсіпорнының атын шығарып, намысын қорғаған ең үздік спорстмендерге құрмет көрсету. 2014 жылда соны жоққа шығармады. «Богатырь Көмір» ерекше, олар кәсіпорындағы жауапкершілікпен орындайтын өз жұмыстарынан басқа, әрқайсысы жеке спорттың біренше түрімен айналысуға да уақыт табады. 26 желтоқсанда «Богатырь Көмірдің» қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың тұғырларының құрмет сатысына адам сенгісіз күшпен бірнеше рет
көтерілген 25 атлеті әріптестерінің достық қошеметтерімен салтанатты түрде әкімшіліктен және кәсіподақ комитетінен дипломмен ақшалай сыйақылар алды. Міне олардың аттары:
Құрманбаев Еркен – (БЖКБ) – Павлодар қаласындағы шахматтан ашық турнирдің жеңмпазы;
Ибраев Руслан – (БЖКБ) – кір спортымен халықтық сығымдап көтеру бойынша қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері;
Сазонов Алексей – (БЖКБ) – 90 келіден жоғары салмақты санатта армрестлинг бойынша Астана қаласындағы «Самұрық-Энерго» 2-нші Спартакиадасымен және «Самұрық-Қазына» 2-нші Спартакиадасының чемпионы;
Нұрғазин Константин – (Богатырь кеніші), Нападовская Елена – (БЖКБ), Задорина Светлана - (Богатырь кеніші ),Касимова Разия – (БЖКБ) – қысқы көпсайыстан қалалық Спартакиадасының жеңімпаздары, «Богатырь Көмір» құрама командасының құрамында;
Сатаров Серік – (Богатырь кеніші) – «қазақша күрес» бойынша ҚР чемпионы, дзюдо күресі бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері (Испания), ардагерлер арасындағы самбо бойынша әлем Чемпионатының қола жүлдегері;
Шишкин Руслан – (БЖКБ), Ахметшарипов Мұрат – ( БЖКБ),Досумов Жасылан – (АТБ), Рахманқұлов Дастан – (Богатырь кеніші) – футболдан 2014 жылғы қала Чемпионатының жеңімпаздары, «Богатырь Көмір» құрама командасының құрамында .
Нурумов Аслан – (БЖКБ) – «Ертіс меридианы» туризмі бойынша Республикалық жарыстардың чемпионы, «Богатырь Көмір» құрама командасының құрамында,
Петров Александр – (БЖКБ), Назаренко Александр – (БЖКБ), Нехорошев Игорь – (Богатырь кеніші), Мұқанов Төлеген – (атқ. Аппарат), Сулейменов Жанат – (БЖКБ) – Компаниядағы спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырушы-қоғамшылдар;
Мельников Никита – (ТЖЖЖБ), Ережепова Екатерина – (Богатырь кеніші) - үстел теннисінен қалалық Спартакиадасының жеңімпаздары, «Богатырь Көмір» құрама командасының құрамында
Попович Людмила – (КҚД), Трухина Ирина – (БЖКБ), Суханова Инесса – (ЭЖБ) – волейболдан қалалық Спартакиадасының жеңімпаздары, «Богатырь Көмір» құрама командасының құрамында ;
Богдашина Татьяна – (ЭЖБ) – 80 келіге дейінгі салмақты санатта армрестлинг бойынша Астана қаласындағы «Самұрық-Энерго» 2-нші Спартакиадасымен және «Самұрық-Қазына» 2-нші Спартакиадасының чемпионы;
Иванов Данил – (коммерциялық дирекция) – волейболдан қалалық, облыстық және республикалық Спартакиадасының жеңімпазы және жүлдегері, «Богатырь Көмір» құрама командасының құрамында. Марапатталғандардың арасында 10 жылдан аса спорттық жарыстарға қатысып, өзінің жеке
нәтижелерін жақсартып жүргендерде бар. Ерекше қуантарлығы, атап өтілгендердің ішінде жас спортсмендердің көп болғандығы. Жалпы, 2014 жыл богатырьлік спортсмендер үшін әдетінше, сәтті болды. Екінші жыл қатарынан «Богатырь Көмір» құрамасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының топ жұмысшылары арасындағы спартакиадада жеңімпаз атануда. Компания үшін, жалпы алғанда, қала үшін зор жетістік – «Богатырь» кенішінің ашу кешенінің бастығы – директор орынбасары Серік Саттаровтың Грециядағы 90 келіге дейінгі салмақта ардагерлер арасындағы самбодан және Испаниядағы дзюдодан әлем чемпионаттарындағы қола наградалары, сонымен қатар, Түркістан қаласында өткен самбодан Қазақстан чемпионатындағы оның алтыны болды. Богатырьліктер «Ертіс меридианы» республикалық жарыстарында ең үздік нәтиже көрсетті. облыстың жас футболистерінен 10 команда жинаған Александр Шмеерді (кәсіподақ комитетінің төрағасы) еске алудың аймақ аралық турнирі де есте қалды.
Келешекте турнирді халықаралық деңгейге көтеру жоспарлануда. Бұл табыстарымыздың тек шағын ғана бөлігі. Серіктестікте өз қызметкерлеріне тек еңбек және демалысқа ғана тамаша жағдай жасалмаған, сонымен бірге салауатты өмір салтын наисхаттау бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстарда тұрақты түрде жүргізілуде. Компания басшылығы спорттың әр түріне адамдардың көп бөлігін тартуға тырысуда. Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Еркен Жүнісұлы Рахманқұлов спорстмендерге айтқан құттықтау сөзінде, атап өткендей, 2014 жылы «Богатырь Көмір» компаниясының тағы да екі жүз жұмысшысы әрекет етуші спортсмендердің қатарын толықтырып, оларға қосылды, өздерінің қызығушылықтары бойынша белсенді бос уақыттарын қалай өткізуді тапты.
Кәсіпорын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған санға толығырақ жақындады – бұл тұрғындарды 30% белсенді қамтылуы. Бірақ жеткен жетістікпен тоқтамау керек. Компания бұдан әрі де спортпен жемісті түрде айналысу үшін жайлы жағдай жасайтын болады. «Богатырь Көмір» ЖШС әкімшілігі және кәсіподақ комитеті еңбекшілерді сауықтыру мақсатында жыл сайын спорттық құрал-саймандарды және жабдықтарды сатып алуға, спорттық-бұқаралық іс шаралар өткізуге едәуір қаражат бөлуде. Өткен жылы спорттық-сауықтыру кешенінің атлетикалық залы кеңейді. Болашақта ССК аумағында үш сызықта жүгіру жолдары үшін синтетикалық төсем төсейді, көрермендер үшін мінбені жанартады. «Березка» демалыс үйінінің аумағында жасалғандай, жасанды төсеммен футбол алаңын салады. Воркаут, тоғыз құмалақ және қазақша күрес сияқты спорт түрлері дами бастағанын да атап өткен жөн.
Марапаттау рәсімінен кейін барлығын шағын зияпат күтіп тұрды, онда жеңімпаздардың сусыны бар бокалдарының сыңғырымен ақ қайнармен богатырьліктер еңбектері сіңген марапаттарын атап өтті. Қазір бәрі, қыс өз құқығын қолға алатынын, жеткілікті қар жауып, ұжым достық ниетпен шаңғыға тұратынынан үміт күтуде.
Азалия Ташева
Сурет Анатолий Бутыриндікі