Ұлы Естайдың мұрасы

22.07.2023

Қазақтың белгілі өнер қайраткері Естай Беркімбаевтың 155 жылдығын бүгін Екібастұзда атап өтуде. Осы күнге арналған мерекелік іс-шараларға «Богатырь Көмір» компаниясы қатысты.

Кәсіпорын орнатқан киіз үй ұлы Естайдың шығармашылық мұрасын жақсы білгісі келетін қонақтарды қабылдауда. Мұнда мұрағаттық фотосуреттерді қамтитын тақырыптық экспозициямен танысуға, музыканттың өмірі мен қызметі туралы кітаптар мен деректі фильмдерді, оның шығармашылық шеберханасында жасалған аспаптардың үлгілерін көруге болады. Киіз үйде қазақ музыкалық өнерінің көрнекті қайраткерлері: аты аңызға айналған әнші және композитор-әнші Майра Шамсутдинова, халық шебері, қазақ музыкалық аспаптарын қолмен өндіруді дамытудың негізін қалаушы Қамар Қасымов туралы баяндайтын экспозицияларға жеке орын бөлінген. Естайдың 155 жылдығына орай әзірленген «Богатырь Көмір» тақырыптық киіз үйіне Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, белгілі өнер қайраткерлері келді.

Мерекеге келген қонақтарға арнаған сөзінде облыс әкімі Асаин Байханов Естайдың қазақ музыкалық өнері үшін шығармашылық мұрасының ерекше маңыздылығын атап өтті.

Естайдың 155 жылдығын мерекелеу жалғасуда: концерттік бағдарлама, қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, қол күресі және гір спорты бойынша спорттық жарыстар, оған богатырлық спортшылар да қатысуда.

Айта кетейік, қалалық өлкетану музейінің қорын, Майра Шамсутдинова атындағы облыстық ән шығармашылығы музей-үйін тарта отырып, мемлекеттік тілді дамыту тобының басшысы Манар Ерботинаның белсенді қатысуымен тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу