«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының сапармен келуі
21.07.2023
Екібастұзға жұмыс сапары бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов «Богатырь» кенішінен кейін Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-ге барды.
МАЭС-2-де холдинг басшысы республикалық БАҚ өкілдерінің Екібастұз энергокешені кәсіпорындарында инвестициялық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы сұрақтарына жауап берді. Әсіресе «Богатырь» кенішінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың маңыздылығын ерекше атап өтті:
– Биылғы жылы «Богатырь Көмір» көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдік-толассыз технологиясын аяқтап, іске қосады, бұл біздің электр энергетикасында өндіруші қуаттарды ұлғайту бойынша жоспарларымызға жауап береді. Бізде Екібастұз МАЭС-2-де үшінші энергоблогын салу, сондай-ақ Екібастұз МАЭС-3-ін салу бойынша жоспарларымыз бар және оларды көмірдің қажетті көлемімен уақтылы қамтамасыз ету үшін біз «Богатырь» кенішінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осылайша, аршылымды конвейерлік тасымалдау жобасын жүзеге асыру қажет, өйткені аршу жұмыстары көмір өндіру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда Богатырь көмірінің негізгі тұтынушылары МАЭС-1 және МАЭС-2 болып табылады және «Богатырь Көмір» оларды уақтылы көмірмен қамтамасыз етуі үшін біз осы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Бұл Екібастұз МАЭС-3 құрылысының жоспарларын ескерген кезде де маңызды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.