Жігермен қуаттандыру

20.07.2023

Кеншілер күніне арналған «Богатырь Көмір» компаниясындағы кәсіби шеберлік байқауларының эстафетасын бүгін Энергиямен жабдықтау ирекциясы қабылдады.

Жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі үздік электрслесарь атағы үшін жарысқа № 1 және № 2 энергиямен жабдықтау, Северный және Богатырь кешендерін электрмен жабдықтау учаскелерінің өкілдері қатысты. Алдымен сегіз қатысушы іс жүзінде өздерінің жұмыс дағдыларын көрсетті: оқу-жаттығу стендінде істік оқшаулатқыштарын екі рет буу қажет болды. Тапсырманың орындалуын бағалау кезінде іс-қимылдардың реттілігі, қауіпсіздік техникасының сақталуы, сондай-ақ жұмсалған уақыт ескерілді. Содан кейін қатысушыларға тағы бір арнайы стендте батырма посты арқылы қайырмалы қосқышты  қосу ұсынылды. Мұнда негізгі критерийлер операциялар алгоритмі мен қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ жұмыс сапасы мен уақытты сақтау болды. Жабдықтарды техникалық пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін білуге арналған тестілеу түріндегі теориялық бөлім конкурстық күнді  аяқтады. 20 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру керек болды. Қатысушылар әр түрлі дайындық пен білім деңгейлерін көрсетті. Конкурстың барлық кезеңдерінің нәтижелеріне сүйене отырып, беделді комиссия жеңіс пен «Мамандығы бойынша үздік» атағын Фархат Асқаровқа (№2 энергиямен жабдықтау учаскесі), екінші орынды – Дәурен Жұмағұловқа (Северный кешенінің электрмен жабдықтау учаскесі), үшінші орынды – Ерген Тілекбергенге (Северный кешенінің электрмен жабдықтау учаскесі) берді. Барлық жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар табыс етілді, ал ақшалай сыйлықтар, алған орындарға сәйкес, оларға карточкалық шоттарына аударылатын болады. Осы күні грамоталар мен 10 мың теңгеге ақшалай сертификаттар алған қалған конкурсанттар да көтермеленді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу