Жарысты жалғастырды

17.07.2023

Шөмішті экскаватор машинисттері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының екінші күні алдыңғы жарыстардан кем болмады. Бұл жолы ЭКГ-8И маркалы экскаватор машинисттері өз білімдерін, дағдыларын көрсетті.

№2 өндіру жұмыстары учаскесі өндірістік турнирді өткізу алаңына айналды. Жеті қатысушыға арналған алғашқы тапсырма – шөміштің көмегімен баскетбол добын сақинаға лақтыру топтамасын орындау болды. Барлық бес мүмкіндікті үш қатысушы мінсіз орындады, қалғандары бір-бірден өткізіп алды. Байқауға қатысушыларға шөміштің табанымен тақтайға шегені қағу қиынырақ болды. Мұнда түйсік мен шеберлік шешуші рөл атқарды, барлығы тапсырманы әр түрлі дәрежеде орындап шықты. Шөмішке байланған ілмек арқылы тастармен толтырылған шелекті ілу және оны металл жақтаудың ортасына қою тапсырмасын орындау кезінде машинисттер қызығарлық шыдамдылық танытты. Өндіріс теориясы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білу 17 сұрақтан тұратын тестілеуде анықталды, олардың әрқайсысына 17 минут ішінде жауап беру керек болды. ЭКГ машинисттері арасында «Мамандығы бойынша үздік» байқауының жүлдегерлерінің үштігіне кім кіргені туралы жалпы қорытынды шығарылғаннан кейін белгілі болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.