Шөмішпен сәттілікті қағып алу

14.07.2023

«Богатырь» кенішінде ЭКГ маркалы шөмішті экскаваторларының машинисттері кәсіби шеберлік конкурстарының топтамасын аяқтады.

Кеніштегі машиналардың бұл класы әртүрлі түрленімдерде ұсынылғанын ескере отырып, жарыс екі күн бойы өткізіледі. Оны №3 өндіру жұмыстары учаскесінің алаңында ЭКГ-15М экскаваторын басқаруда жарысқан машинисттер ашты. Конкурстық тапсырмалар ретінде оларға адымдағыш экскаваторлардағыдай шөмішпен баскетбол добын сақинаға дәл лақтыру, шөмішке байланған ілмек арқылы тастармен толтырылған шелекті ілу және оны металл жақтаудың ортасына қою қабілетін көрсету ұсынылды. Сонымен қатар, бағдарламада шөміштің табанымен ағаш дайындамаға шегені қағу қосымша тапсырмасы болды. Осындай тапсырма №3 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінде ЭКГ-12 ус экскаваторында бақ сынаған қатысушыларға да берілді. Конкурстың тәжірибелік бөлігінің нәтижелері теориялық кезеңнің техника қауіпсіздігі қағидалары бойынша тестілеудің қорытындыларымен жинақталды. ЭКГ экскаватор машинисттерінің арасында жүлдегерлердің есімдері екінші конкурстық күннің соңында белгілі болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу