Ынтымақтастыққа бағдар алу

29.06.2023

 «Богатырь Көмір»-ге жұмыс сапарымен француз делегациясы келді. Конференц-залда өткен кездесуде өндірісті дамыту шеңберінде тараптардың ықтимал ынтымақтастығы талқыланды.

Француз компанияларының өкілдері Серіктестік басшылығына циклдік-толассыз кешенде жаңа технологияда қолдануға болатын өнімдерді таныстырды. TECHMI/BRUNONE фирмасы кез келген күрделіліктегі конвейерлерді жобалайды және орнатады. Бұл ретте осы жабдыққа толық техникалық қызмет көрсете отырып, Тапсырыс берушінің талаптарына бейімделеді.

Өз кезегінде ROULEAUX PACK таспалы конвейерлерге арналған жүк тиеу-түсіру аунақшаларын шығарады. Кәсіпорынның Қазақстанда өкілдігі бар, онда француз жабдықтарында өнімдер дайындалады. Бұл оның құнын төмендетеді және қысқа мерзімде қажетті бөлшектерді жеткізуге мүмкіндік береді. Залда «Богатырь Көмір» өндірістік үдерісте қолданылуы мүмкін тағы бірнеше жобалар айтылды.

Барлық ұсыныстар компания мамандарымен қаралатын болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу