Қасиетті мерекедегі көмек

27.06.2023

Дәстүр бойынша қасиетті мереке Құрбан айт қарсаңында  «Богатырь Көмір»  компаниясында қайырымдылық акциясын өткізді.

Кәсіпорынның  жалғызбасты зейнеткерлері, еңбек майданына қатысушылар, 1 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін 100 дана азық-түлік жиынтығын дайындады. Олар барлық қажетті заттармен толтырылды: күріш, макарон, ұн, қарақұмық жармасы, қант, шай, қоюланған сүт, қойытылған сүт, вафли. Біріккен жастар қозғалысының белсенділері өз бетінше келе алмағандарға  сыйлықтарды өздері  арнайы апарып таратты. Серіктестікте денсаулығына байланысты немесе жасы бойынша жұмыс істемейтін қызметкерлер қонақтарға шын жүректен қуанып, жұмыс күндері туралы естеліктерімен бөлісті.

Біз Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз және амандық пен өркендеу тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу