«Самұрық Энерго» спартакиадасында алғашқылар
19.06.2023
«Богатырь Көмір» спортшылары «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған Спартакиададан бірінші жалпы командалық орын үшін кубокты алып келді.
Оған энергетикалық холдингтің еншілес компаниялары қатысты. Жарыс Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт базасында 16-18 маусым аралығында үш күн бойы өтті. «Богатырь» құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, үш алтын медальмен жарыстың көшбасшысы атанды. Кәсіпорын қызметкерлері өз командасына волейбол (әйелдер), футбол, тоғызқұмалақ (ерлер мен әйелдер), армрестлинг, асық ату, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен барлығы 7 бірінші орын әкелді.
Күміс жүлдегерлер киберспорт, шахмат (ерлер мен әйелдер), арқан тарту бойынша жарыстарға қатысқан қызметкерлер болды.
Сондай-ақ, армрестлинг пен үстел теннисінде біздің спортшылар құрметті үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздарды алда тағы бір маңызды спорттық шара – «Самұрық-Қазына» Спартакиадасына қатысу күтіп тұр. Қазір жарысқа белсенді дайындық басталып жатыр, онда біздің спортшылар «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасына кіретін болады.
Оларға жаңа жеңістер тілейміз!