Музыкалық сыйлық

10.06.2023

«Өнер» ҚМҮ аумағында Қала күніне орай мерекелік концерт өтті.  Мәдениет үйінің аумағында орнатылған бас сахнада шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Екібастұз қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Богатырь Көмір» Біріккен Жастар қозғалысының белсенділері де құттықтады.  Компания қызметкерлері – Азамат Оздоев, Рүстем Көпішев, Дамир Бекемиров және Глеб Николенко «Қазағым, алға!» және «Пусть весь мир подождет» әндерін орындады.

 Көрермендер өнерпаздарды жылы қарсы алып, қошеметпен қолдады.

 Мерекенің шарықтау шегі қазақ эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі болды.

 Барша екібастұздықтарды мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу