Патриоттық шеру

04.06.2023

Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған флешмобты «Богатырь Көмірдің» біріккен жастар қозғалысының белсенділері өткізді.

Олар астана нышаны Бәйтерек орналасқан Екібастұздың 50 жылдығы атындағы саябақта патриоттық шеру ұйымдастырды. Қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін ұлттық кәстөмдер мен киімдер киген. Компания қызметкерлеріне жас ұрпақ та қосылды. «Пикассо» арт-студиясының тәрбиеленушілері патриоттық шерудің нағыз сәніне айналған «Қазақстан» тақырыбындағы өз жұмыстарын алып келді.

Мұндай іс-шаралар қазақстандықтарға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын тағы да еске салуға және жастардың бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге арналған.


Жаңалықтар тізіміне оралу