Саланы дамыту туралы

01.06.2023

Бүгін Астанада «Жаңа энергетикалық парадигма жағдайында көмір саласын дамыту мүмкіндіктері» көмір өнеркәсібінің IV Форумы өтті.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нен «Көмір саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру шаралары» тақырыбында компанияның бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап баяндама жасады. Онда ол іс-шараға қатысушылардың назарын көмір өндіру өнеркәсібінің негізгі мәселелеріне аударды, сондай-ақ оларды шешу жолдарын ұсынды. Оның берік пікірі бойынша, салаға инвестициялардың түсуіне: барлық шығындарды жабуды ескере отырып, көмірге нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз ету және «Богатырь Көмір» болып табылатын ірі көмір өндіруші компанияларға Үкімет тарапынан ең төменгі кірістілік нормасы (IRR) бойынша кепілдік беру, энергетикалық көмір бағасын мемлекеттік реттеу механизмінен бас тарту ықпал ететін болады. Сонымен қатар, ол энергетикалық көмірді өткізуді ҚР АЗРК-нің қоғамдық маңызы бар нарығына (ҚМН) жатқызбауды, сондай-ақ энергетикалық көмірдің экспортын шектемеуді және оны ҚР сауда және интеграция Министрлігінің «Елеулі маңызды тауарлар тізбесіне» енгізбеуді ұсынды. Мирхат Мұсанап көмір саласын дамытудағы айқындық факторының қолайлы инвестициялық ахуалын сақтау үшін аса маңызды екенін ерекше атап өтті.

– Көмір өндіруші компаниялар үшін саланы дамыту стратегиясы қандай болатынын білу және нақты көрсету өте маңызды. Бұл нақты және болжамды болуы керек, өйткені күрделі шығындарды жоспарлау, өзінің даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде көмір өндірушілерден бір жылдан астам уақытты алады, ол саланың көптеген жылдар бойғы перспективаларына сүйене отырып, нақты есептеулерге сүйене отырып құрылады. Сонымен, саланы дамытудағы айқындық инвестициялық ахуал үшін аса маңызды фактор болып табылады, – деді Мирхат Мұсанап.Форум бағдарламасы аясында саланың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Көмір саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен «Богатырь Көмір»-дің екі қызметкері атап өтілді: І дәрежелі «Шахтер Даңқы» құрмет белгісімен «Богатырь» кеніші Көмір кешенінің № 1 өндіру жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисті Темір Ахметов марапатталды, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің Құрмет грамотасы Богатырь жүк тиеу- көлік басқармасы Көмір кешенінің «Степная» жылжымалы құрам депосының тепловоз машинисті Александр Бежецкихке табысталды. Әріптестерімізді еңбек наградаларымен құттықтаймыз!


Жаңалықтар тізіміне оралу