Балалық шақ мерекесі

01.06.2023

«Богатырь Көмір»-дің біріккен жастар қозғалысының белсенділері бүгін екібастұздық балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арнайы «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында үлкен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Амфитеатрға іргелес алаңда богатырлық жастар балаларға арналған түрлі сайыстар, ойындар мен жарыстар өткізді. Мерекеге келген балалардың әрқайсысы жанына жақын істі таңдай алды: мольбертке акварельмен немесе асфальтқа бормен сурет салу, ермексаздан өз ертегі кейіпкерін жасау, ағаш кірпіштен арман сарайын салу, шахмат және тоғыз құмалақ ойынында білімімен жарық ету, арқан тартуда күш сынасу, батпырауықты аспанға ұшыру, «Көліктен абай бол» ойынында жолда жүру ережесін білуді көрсету. Сондай-ақ, «Индиго» би студиясының жас тәрбиеленушілерінің орындауындағы жалынды билерді, сән көрсетілімін және мерекелік бағдарламаның басқа да көптеген қызықты нөмірлерін тамашалау.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу