Абаттандыру айы

10.05.2023

Қаланы абаттандыру айлығы аяқталды. Оған «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ұжымы белсенді қатысты.

Барлық кезеңде компанияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтардағы көшелер мен аулаларды жұмыла ретке келтірді.

Жұмыстардың негізгі ортасы Қонаев даңғылында және оған іргелес учаскелерде, сондай-ақ Бауыржан Момышұлы көшесіндегі кәсіпорынның әкімшілік ғимараттары ауданында өріс алды. «Богатырь Көмір» компаниясының алты жүзден астам қызметкері қаланы тазалауға және абаттандыруға үлес қосты, оларға көмек ретінде компания 12 бірлік техника бөлді, айлықтың ішінде барлығы 180 текше метр қоқыс шығарылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу