Жеңіс күніне арналған концерт

09.05.2023

Жеңіс күніне арналған мерекелік шара қалалық «Шахтер» саябағының концерттік алаңында өтті.

Оған «Богатырь Көмір» кәсіпорнының қызметкерлері белсенді қатысты.  Компанияның шығармашыл жастары көрермендердің көңілінен шыққан тақырыптық қойылымдар дайындады.  Біріккен жастар қозғалысының орындауында «С чего начинается Родина», «Эх, путь - дорожка  фронтовая», «Первым делом самолёты», «Тёмная ночь», «Кукушка», «Война» және басқа да көптеген әндер шырқалды. Жақсы таңдалған репертуардың арқасында жігіттер сол кездегі ахуалды жеткізе білді.  Ал хореографиялық ұжымдардың билері концерт желісін толықтырды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу