«Біз достық гүлтәжін өреміз».
25.12.2014
«Богатырь» кенішінің ӘТК акт залында Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында өткен салтанатты жиынды жүргізушілердің бұл сөз орамдарының бейнесі ретінде Қазақстан халықтарының биі болды. Онда украин гопагын, орыс «калинкасын», дағыстан лезгинкасын және өзге де этникалық билерді «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қызметкерлері бар көңілмен биледі.
Солай, қала құрушы кәсіпорынның кеншілері санмыңдық және көпұлтты ұжымның бірлігін, Республикамыздың Тәуелсіздігінің негізін құрайтын достықты көрсете білді. Мереке қарсаңында өткен «Тәуелсіздігім - тұғырым» ісшарасы жарқыраған, таң қаларлықтай өтті. Бұл тек мерекелік концерт қана емес. Сонымен бірге бұл қазақ тілін үйрену бойынша топтарда оқып жүрген кәсіпорын жұмысшыларының өзгеше есеп беруі десек те болады. Көп бөлігі өзге ұлт өкілдерден құралған қырықтан аса кеншілер, оқуда алған білімдерін сахнада дарындылық танытып, қойылым жасаумен көрсетті. Біреуі паттриоттық өлең оқыса, енді біреулері патриоттық әндер шырқады. Барлығы да мемлекеттік тілде болды. Мерекелік ісшараға қатысушының әрқайсысы өзінше қобалжыды. Қолымнан келе ме? Ойы дұрыс па екен? Босқа уайымдады. Бәрі керемет, ойдағыдай болды. Көрермендер қатысушылардың әр шығуын қолдап, ұзақ қол соғумен болды, әріптестері үшін уайымдаған сәттері де болды. Атап өту керек, қазақ тілін оқып-үйренумен, «Богатырь Көмір» қызметкерлері өз қалауларымен жұмыстан бос уақытында айналысуда. Ал ол үшін серіктестікте барлық жағдай жасалған. Мұнда Манар Ерботина басшылық ететін мемлекеттік тілді дамыту тобының оқушылары күн сайын қатысатын арнайы-жабдықталған кабинет қолданыста болғанына екі жылға жуық уақыт өтіпті.
Көбін осы салтанатты кеште жанға жағымды тосын сый күтіп тұрды. «Белсенді өмірлік ұстанымы, зор әлеуеті, мемлекеттік тілді оқытудағы көмегі үшін және Тәуелсіздік Күні қарсаңында» Құрмет Грамотасымен марапатталды: Александр Михайлович Григорьев – БЖКБ директоры, Ольга Дмитриевна Хозяшева – «Богатырь Көмір» ЖШС «Нұр Отан» бастапқы партия ұйымының төрағасы,Руслан Мусин – БЖКБ тарту агрегаты машинисінің көмекшісі, Владимир Тюлин – «Богатырь» кенішінің бастапқы партия тобының төрағасы, Рустам Габдулганеев –«Богатырь» кенішінің тау кен жабдықтарын жөндеу Цехының слесарі, Зульфия Оспанова – құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің аудармашысы.
Сонымен қатар «Мақсатқа ұмтылғыш, шығармашылық ізденіс, мемлекеттік тілді үйренудегі табандылығы үшін және Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында» Құрмет Грамотасын алды: Татьяна Шевченко – құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші аудармашысы, Оксана Сычугова - құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы, Алексей Андреенко - бухгалтерияның бас экономисі, Лидия Нападовская – бухгалтер, Игорь Попович – Қауіпсіздік және Еңбекті қорғау қызметінің бас техникалық басшысы, Виталий Лось – ТКЖЖ зауытының бас инженері, Евгений Иваньков – әлеуметтік даму басқармасының бастығы, Олеся Сигнеева – құрамды басқару бөлімінің құрам бойынша менеджері, Гульмира Бекеева - құрамды басқару бөлімінің құрам бойынша менеджері, Евгения Мальгаздарова – құрмды басқару бөлімінің құрам бойынша менеджері.
«Богатырьліктердің» қазақ тіліне деген өз сүйіспеншіліктерін балаларының бойына сіңіруге тырысатындары қуантарлық жайт. Осы кештегі әртістердің бірі кішкентай Артем Сычугов «Менің Қазақстаным» өлеңін толғана, шын жүректен оқығанда, залда отырған көрермендер, бұл бала – өз отанының болашақта нағыз патриоты болатынында еш күмән келтірген жоқ. Айтпақшы, бұл қуантарлық істі шығарма авторы Қауіпсіздік және Еңбекті қорғау қызметінің бас техникалық басшысы Игорь Поповичтің – екі жылдай талмай қазақ тілін үйреніп жүргеннің жемісі деп білеміз. Бұл оған қазақ тілінде өлең жазуға мүмкіндік туғызды.
Дәстүрге сай, Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде «Богатырь Көмір» компаниясының тағы он жұмысшысы «Нұр Отан» партиясының қатарын толықтырды.
Концерт аяқталды, толқулар басылды. Бірақ онымен барлығы аяқталмайды. «Богатырьліктер» әрі қарай да мемлекеттік тілді үйренудегі өз білімдерін жетілдіреді. Олардың барлығы қазақ тілі сабағына қатысудың маңыздылығын түсінеді. Өйткені мемлекеттік тілді оқып-үйрену қазақстандық отаншылдықты және ұлтаралық келісімді нығайтады, тек Абай, Әуезов тілімен түсініп, сөйлескенде ғана Қазақстан рухын сезінуге, туған жеріне деген шынай махаббатынды бойына сіңіруге болады.
Азалия Ташева.