Жеңіл және маневрлі
17.04.2023
Теміржолдарды жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау кезінде таптырмас көмекші – көтеріп-шекімелеуіш жол машинасы (КШЖМ).
Жақында «Богатырь» кенішінің № 1 көтергіш-көлік жабдықтары учаскесінің қосалқы техника паркі Истьин машина жасау зауытының (Ресей) осындай машинасымен толықтырылды. Ол ашық тау-кен жұмыстарында теміржолдарды қайта төсеу және жөндеудің басқа түрлерінде қолданылады. Атап айтқанда, балластқа жолды көтеруді, жоспардағы және профильдегі жолды түзетуді (шекімелеу), сондай-ақ электр жол құралдары мен құрылғыларын энергиямен қамтамасыз етуге арналған. «Богатырь» кеніші теміржол кешенінің №№ 1, 2, 3-жол учаскелерінде жаңа КШЖМ жұмылдырылды. Машина бұрын жақсы қалыптасқан КШЖМ модельдерінің жетілдірілген үлгісі болып табылады және бұрынғы Д-144 орнына қуатты Д-245 қозғалтқышымен ерекшеленеді, кең кабинада заманауи басқару панелі бар. Машина құрылымының кішігірім мөлшері мен жеңілдігі станциялар мен аралықтарда жоғары маневрлікті қамтамасыз етеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.