Қауіпсіздік балалар көзімен
15.04.2023
«Богатырь Көмір» қызметкерлерінің балалары өндірістегі қауіпсіздік техникасын қалай көретіндері, бүгін еңбекті қорғау айлығы аясында өткен көркемсурет байқауы кезінде жасалған суреттерінде жарқын және әсем ұсынылды.
Жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған конкурсқа қатысуға 28 жас суретші тілек білдірген. Акварель бояулары мен түрлі-түсті қарындаштардың, киізден жасалған қаламдар мен гуашьтардың көмегімен балалар өз жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, әрқашан мұқият және жинақы болу қаншалықты маңызды екенін жеткізуге тырысты. Олардың ересектерге ҚТ ережелерінің маңыздылығын еске салуға деген ұмтылысы көтермеленді –қатысушылардың әрқайсысы кәсіпорынның кәсіподақ ұйымдарынан 5000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ал еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбындағы балалар суреті байқауының жеңімпаздарын екі аталым бойынша: 9 жасқа дейін және 13 жасқа дейін, еңбекті қорғау айлығының қорытындысы шығарылғаннан кейін тағы да басты марапаттар күтеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.