Нұрын шашқан Рамазан мерекесінде

12.04.2023

Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Богатырь Көмір» компаниясы Екібастұз қалалық мешітінің асханасында діндарлар мен кәсіпорын қызметкерлеріне арнап ауызашар берді. 

«Богатырь Көмір» ЖШС-де ораза ұстағандарды жайылған дастарханға қабылдау бұрыннан келе жатқан игі дәстүр.  Жиналған қауымға қалалық мешіттің бас имамы Нұрсейіт Әбдімтәліұлы Омаров рухани насихат айтты.  Ол баршаға ислам дінінің ережелерін ұстанудың маңыздылығын еске салды.  Құран сүрелерін оқып, марқұм болған ата-бабалар рухына дұға бағыштаған  бас имам барша жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, гүлдену мен құт-береке тіледі.  Мерекелік дастархан дәстүрлі дұғамен және батамен аяқталды.  Жалпы, осы айтулы күні компания кешкі ауызашарға 200-ден астам діндарларды шақырды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу