Білім - қауіпсіздік кепілі
12.04.2023
Бүгін «Богатырь Көмір» Оқу-курстық комбинатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы жақсы білуге арналған конкурс өтті.
Әр түрлі құрылымдық бөлімшелерден 12 қатысушы үш бағыт бойынша білімдерін көрсетті: еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум. Тақырыптық блоктардың әрқайсысында 10 сұрақ болды, яғни барлығы 30 сұрақ болды, оларға бөлінген жарты сағатта жауап беру қажет болды. Тест тапсырмасында еңбек жағдайларының қауіпсіздігі тақырыбына ерекше назар аударылды. Бұл биылғы жылы өткізіліп жатқан еңбекті қорғау айлығының басты басымдығын көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, «Богатырь Көмір»-де ол «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық» ұранымен өтуде. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау нормаларын жақсы білген қызметкерлердің есімдері айлықтың соңында жарияланатын болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.