Үйлесімді, командада
11.04.2023
«Богатырь Көмір» компаниясындағы еңбекті қорғау айлығы «Өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша үздік команда» байқауымен жалғасты.
Құрылымдық бөлімшелердің 12 өкілі теориялық кезең барысында 40 минут ішінде «Алғашқы көмек көрсету» тақырыбындағы 40 тест сұрақтарына жауап берді. Екінші тур барысында қатысушылардың әрқайсысы жолдасымен бірге іс жүзінде зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Негізге сәйкес, жұмыс орындау кезінде «Максим» манекені электр тоғына түсіп, биіктіктен құлады. Құлау кезінде зардап шегуші иығын жаралады және жіліншігінде жабық сынық болды. Сонымен қатар, жарақаттың салдарынан сол қолы қансырады. Оны тек бөлімше қызметкерлері - дәрігерлер тобының жедел және ең бастысы дұрыс әрекеттері ғана құтқара алды. «Максимнің» өмірі олардың үйлесімді өзара әрекеттесуіне, ашық қан кетуді тоқтатуға, реанимациялық операцияларды жүргізуге, шиналар мен таңғышты қолдануға байланысты болды. Қатысушылар әр түрлі дәрежеде тапсырманы орындады. «Өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша үздік команда» байқауының қорытындысы еңбекті қорғау айлығының соңында шығарылады.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.