«Богатырь» аңызының мерейтойы

08.04.2023

Бүгін Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, Құрметті шахтер, «Шахтер даңқы» белгісінің иегері, Екібастұз қаласы көмір өнеркәсібінің патриархы Дмитрий Павлович Мелехов 90 жасқа толды.

Мерейтой иесінің қызметінің  басым бөлігі Екібастұзда өтті, оның тікелей қатысуымен «Богатырь» кенішінің құрылысы мен игеру жұмыстары жүрді, «Шығыс» кеніші құрылды, «Северный» кеніші қайта жаңғыртылды. Мелехов көптеген даму жобаларының бастамашысы және авторы болып табылады, олардың негізгісі қазіргі уақытта «Богатырь» кенішінде белсенді түрде жүзеге асырылып жатқан ЦТТ жобасы болып табылады.

Осы айтулы күні құрметті ардагерді мерейтойымен құттықтауға «Богатырь Көмір» ЖШС басшылары келді: бас директор Николай Корсаков, бас директордың орынбасары - өндірістік директор Серік Макаров, техникалық директор Сергей Усик.

 Құрметті кеншіге құттықтау сөз сөйлеген Серіктестік басшысы Николай Корсаков кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін жылы лебізін білдіріп, құттықтау хатын табыс етті.

– Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, сарқылмас оптимизм тілеймін. Сіз әрқашан жақын, сүйікті адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласына бөлене беріңіз. Қазақстанның көмір өнеркәсібінің, әсіресе, «Богатырь Көмірдің» дамуына қосқан үлесіңіз үшін, Сізге, алғысымды білдіремін және басымды иемін. Кәсіпорын тарихындағы ең үлкен рөліңізді асыра бағалау мүмкін емес. Сіз негізін қалаушылардың бірі болып табылатын біздің ЦТT ортақ жобамыздың қазір соңы аяқталу кезеңде. Біз оны толық іске асыруды Шахтер күніне дейін аяқтайтынымызға сенімдіміз және Сіз ЦТТ кешенін аралап, оның салтанатты ашылуына қатысып жатсаңыз, бұл біз үшін үлкен мәртебе болмақ.

Өз кезегінде, мерейгер компания басшылығына ілтипат көрсеткендері үшін шын жүректен алғыс айтып, жүрекжарды тілегін білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу