Егер денсаулығың мықты болсын десең

07.04.2023

Бүгінгі таңертеңгілік жұмыс күні  «Богатырь Көмір» кеншілері үшін сергек дене шынықтыру жаттығуларынан  басталды. Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде Дүниежүзілік денсаулық күні ерекше атап өтілді.

Кәсіпорын спортшылары дене шынықтыруға арнайы жаттығулар жиынтығын дайындады. Оның арқасында «богатырлықтар» позитивпен зарядталып, алдағы жұмыс күніне күш жинады.

Өткен дене шынықтыру жаттығулары кеншілерге спорттың пайдасын еске салды. Салауатты өмір салты – бұл ең алдымен, адамның физикалық белсенділігі.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.