ҚТ бойынша айлық аясында конкурстар
06.04.2023
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы «Богатырь Көмір» ЖШС-да басталды. Биыл ол «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағида және құқық» ұранымен өтеді.
Айлық барысында компанияда қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау үшін не жасалып жатқанын нақты көрсету көзделеді. Атап айтқанда, номинациялар бойынша байқау-конкурстар өтеді:
– «Үздік өндірістік учаске/цех»;
– «Үздік тұрмыстық вагон»;
– «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттаманы жақсы білетін қызметкер»;
– «Өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша үздік команда»;
– «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбындағы үздік балалар суреті»;
– «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбындағы үздік бейнеролик».
Ал байқау апталығын «Үздік тұрмыстық вагон»/ «Үздік өндірістік учаске» атағына үміткерлер ашты. Бірнеше күн бойы комиссия ең жақсыларын анықтау үшін құрылымдық бөлімшелердің өндірістік учаскелеріне баруы керек. Бағалау критерийлерінің шкаласы мыналарды қамтиды: құжаттаманы жүргізу тәртібі, үгіт-насихат плакаттарының, ЖҚҚ-ның болуы және т.б. Қатысу кезінде қатысушыларға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріледі.
Байқау қорытындысы айдың соңында шығарылады және оның нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.