Тағы да жүлдегерлер қатарында
27.03.2023
Наурыздың соңғы күндерінде Қостанай облысының Қаратомар су қоймасында қармаққа ілінген жеммен мұз астында спорттық балық аулау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
«Богатырь Көмір» осы жарыстарда «Ертіс FM» Екібастұз командасының құрамында «Богатырь» кенішінің № 1 аршу және үйінді жұмыстары учаскесі бастығының орынбасары Әділ Ибраев қатысты. Ол бұл құрметке Павлодар облысы чемпионатының қорытындысы бойынша ие болды, онда жеке және командалық есепте екі алтын медаль жеңіп алды. Республикалық біріншілікте, еліміздің үздік он балық аулау командасының ішінде Екібастұз құрамасы қарсыластарынан, атап айтқанда, бірінші орын алған павлодарлықтардан сәл ғана артта қалып, құрметті үшінші орынға ие болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.