Дәл лақтыру – жеңістің кепілі
25.03.2023
Наурыз көктем мерекесіне арналған мерекелік турнирлер ұлттық асық ату ойындарымен жалғасты.
Спорттық-сауықтыру кешенінде өздерінің дәлдігін сынау үшін компанияның ең белсенді спортшылары жиналды. Қатысушылардың айтуынша, турнирде алшықтар маңызды рөл атқарады. Ойыншылардың көбінде олар өздері үйренген жеке алшықтары бар, олардың «мінезін» және мүмкіндіктерін біледі. Ережеге сәйкес, жарыс бірнеше кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысында екі ойыншыдан болды. Қатысушыларға 5 минуттық екі тайм берілді, оның барысында олар екі жеңіске жетуі керек. Тең түскен жағдайда тағы біреуі өткізілді. Финалда көшбасшылар жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл күні ерлер арасында бірінші орынды Рамазан Абылаев, БЖКБ, екінші орынды Владимир Хоробрих, ЭЖД; үшіншіні «Богатырь» кенішінен Серік Сексенбаев жеңіп алды.
Әйелдер де жақсы нәтиже көрсетіп, орындар келесідей бөлінді:
Бірінші орын – Күлшім Әбдіхалықова, БЖКБ;
Екінші орын – Күлпан Дүйсентаева, БЖКБ;
Үшінші орын – Манар Ерботина, атқарушы аппарат.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.