Наурыз – бүкілхалықтық мереке
22.03.2023
Екібастұзда Наурыз мейрамын мерекелеу кең және ауқымды жүріп жатыр. Жиырмаға жуық киіз үймен Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі қаланың орталық алаңын безендірді. «Богатырь Көмір» компаниясы екі ақ киіз үй орнатты.
Биылғы жылы Богатырь ауылы қонақтарының назарына 19-20 ғасырлар тоғысындағы ең ірі сауда орталығы – Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдығына арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Қала тұрғындары тарихи шежіренің сәттерін түсірген мұрағаттық фотосуреттерді көре алды, сондай-ақ, оның ішкі көрінісі Қоянды жәрмеңкесін ұйымдастыру кезінде өткен айтыстарға қатысушы, ұлы қазақ ақыны Естай Беркімбаевқа арналған киіз үйге барды. Мұнда көрме қонақтары көне заттармен және шебер қолөнершілердің жарқын қол жұмыстарымен танысып, алтыбақанға мініп, қазақтың шексіз даласының мақтаныш нышаны – бүркіттің қасында суретке түсіп, наурыз көже мен бауырсақ – мерекелік дәмдерден татып, богатырлық спортшылардың қызықты жарыстарын тамашалай алды. Бұл күні компания қызметкерлері арасында серсо бойынша жарыстардың жүлдегерлері атанғандар: О. Дюко – 1 орын, О. Коршикова – 2 орын,
Н. Биль – 3 орын.
Ерлер арасында гір спорты бойынша турнирдің өз жүлдегерлері анықталды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: Қ. Масақбаев – 1 орын, Ю.Воробьев – 2 орын,
С. Байсолтанов – 3 орын.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде: А. Қапезов – 1 орын, А. Сазонов – 2 орын, И.Корнилов – 3 орын.
Мереке барысында күні бойы талантты богатырлық жастар екібастұздықтарға керемет көңіл-күй мен әсерлі әндер сыйлады.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.